Астанада иппотерапия орталығы ашылды

Астанада иппотерапия орталығы ашылды
фото: https://sputnik.kz

Астанада иппотерапия орталығы ашылды

Елордада Республика күні және Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балалардың иппотерапиямен айналысуы үшін "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешені ашылды.

Бұл кешенде халықаралық жарыстар да өтеді. Ат спорты-сауықтыру кешені елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына да ықпал етеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Президент олардың әл-ауқаты — мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екенін айрықша атап өтті.

Ипподром — қала тұрғындары үшін бірегей және маңызы зор орталық. Толық қуатта иппотерапия орталығы 2023 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді.

Балалар, оның ішінде ерекше балалар иппотерапия сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

sputnik.kz