фото: sputnik.kz
Астана қаласында элиталық тұрғын үйде притон ашқан қылмыстық топ ұсталды. Олар үш бірдей пәтерді жалға алып, бір жыл бойы заңсыз ақша тауып келген.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, топ құрамында алты адам болған. Бірі жезөкшелікен айналысатын қыздарды іздеумен айналысса, басқасы жеңгетайлық қызмет атқарған.
"Қыздарды жарнама арқылы іздеген. Массаж салонына жұмысқа шақырған. Ал кездесу кезінде жезөкшелікпен айналысуды ұсынған, табысты 50/50 бөлінеді деп уәде берген. Күндізгі және түнгі кесте болған. Осылайша, қылмыстық топ тәулік бойы ақша тауып жүрген", - деді Нұрмағамбетов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, топ мүшелері күн сайын 1 миллион теңге тапқан. Элиталық тұрғын үйдегі притондарға әкімшіге қоңырау шалу арқылы ғана кіргізген. Ал үй күзетшілері қылмыстық топқа құқық қорғау органдарының рейдтері туралы хабарлап отырыпты. Бірақ осы жолы қашып кете алмады. Қылмыстық топтың екі мүшесі қамауға алынды. Қалғаны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Қылмыстық іс қозғалды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через