Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Гейдар Әлиев көшесінің бойына Әзербайжан президенті келген кезде егілген шыршаның неге қайта қазылғанын түсіндірді.
Әкімдік өкілінің айтуынша, шырша көшеттерінің қайта қазылғаны рас. Бірақ ол шыршалардың орнына басқа ағаш егілген. Мұндай кеңесті оларға агрономдар берсе керек.
Әзербайжан Республикасы президентінің ресми сапары аясында Гейдар Әлиев көшесі салтанатты түрде ашылған болатын. Бұқар жырау көшесінің Гейдар Әлиев көшесімен қиылысқан тұсында бес шырша отырғызылды.
«Кейін агрономдар бізге бұл шыршаларды қылқан жапырақты ағаштардың өсуіне әлдеқайда қолайлы орынға – Ботаникалық бақтағы Әзербайжан президенті өз қолымен еккен ағаштан 100 метр жерге ауыстырылды.
Ал олардың орнына жөке мен арша егілді. Өйткені жөке магистральдік жолдың бойында жақсы өседі және эстетикалық көрініске сән қосады», - деді Дәрменияр Қыдырбекұлы.
Еске салайық, Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға 10 сәуірде келген болатын.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото caliber.az.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через