фото: astanaopera.kz
Опера халық әндерімен сүйемелденеді.
Бүгін «Астана Опера» театрының Үлкен залында Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы көрсетіледі.
Опера халық әндерімен сүйемелденеді. Жағымсыз кейіпкерлерді суреттейтін, бейнелі-мазмұнды вокалдық партиялар да орындалады. Көрерменге ұлттық эпикалық қаһарман Алпамыс батырдың опералық сюжеті ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бақыт, бостандық үшін күресін, туған жерге деген махаббатын дәріптейтін шығарманың музыкалық драматургиясы да анық баяндалады.
Спектакльді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Халық әртісі, атақты режиссер Юрий Александров қойған. Либреттосын Кәукен Кенжетаев жазған. Музыкалық жетекші және қоюшы-дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Айта кетейік, «Астана Опера» репертуарында ұлттық спектакльдердің орны бөлек және ерекше сұранысқа ие. Сол себепті жыл сайын қазақ халқының тарихы мен дәстүрі баяндалатын музыкалық шығармалар саны артып келеді.
https://azattyq-ruhy.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через