Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында биыл жаңадан ашылатын көпір мен жөндеуден өтетін көшелер туралы жазды, деп хабарлайды Standard.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әкім жол инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінетінін айтты. Осыған орай бас қаладағы 300 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар биыл қалаға 400 автобус жеткізу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі шілде айынан бастап әкелінеді.
«Қала жолдарындағы көлік ағынын сейілту үшін биыл Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Жеңіс Қасымбек
Сонымен қатар барлық ауданда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Биыл ұзындығы 54 км-ден асатын 70-тен астам көшені жөндеуді жоспарланған.
Олар Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау көшелері, Кенесары көшесінің Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығы, Уәлиханов көшесінің Кравцова көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралығы, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі тұсы, Иманбаева көшесінің Иманов көшесінен Кенесарыға дейінгі аумағы және т.б. Биыл шамамен 300 көше жөндеуден өтеді», – деп жазды елорда әкімі.
Фото nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через