Астана халықаралық әуежайынан адамдар эвакуацияланды

Астана халықаралық әуежайынан адамдар эвакуацияланды
фото: © Sputnik / ИА "Новости-Казахстан"

Бүгін жедел желіге халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 1 және 2 терминалдар арасындағы галерея қатты түтіндеп кетті.

Барлық адамды сыртқа шығаруға тура келді. Таңы сағат 08-24-те өрт сөндірілді. Тілсіз жауы 10-15 шаршы метрге шарпыды. 2 серверлік терминалда электр кабельдері жанған.

ҚазАқпарат