Астана тұрғыны Наурызда етке түйіліп қалып, көз жұмды

Астана тұрғыны Наурызда етке түйіліп қалып, көз жұмды
фото: sputnik.kz

Ақмола облысына қонаққа барған астаналық етке түйіліп қалып, көз жұмды.

Қайғылы жағдай Сандықтау ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, қонаққа келген ер адам ет жегенде түйіліп қалған. Содан дем ала алмай, қайтыс болған. Марқұм Астана қаласында тұрған.

Қазіргі кезде 55 жастағы ер адамның өлімі бойынша тексеріс басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, тыныс алу жолдарында тамақ тұрып қалғандықтан, механикалық асфиксия болған.

Сот-медициналық сараптама кезінде өлімнің нақты себебі анықталады.

Қазақпарат