фото: sputnik.kz
Қазақстанда соңғы 2 жылда мемлекеттік сатып алу саласында 67 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
2022 жылы – 29 млрд теңге, ал биылғы жылдың 10 айында - 38,4 млрд теңге үнемделді.
"Кеңсе тауарларын, жанар-жағар май, компьютерлік техника мен тамақ өнімдерін сатып алу кезінде асыра сілтеу фактілері анықталды. Бағаны тым асыра көрсеткендер – әкімдік аппараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары. Ең көп таралған қылмыстық схемалардың бірі – нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техникалық сипаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ жалған актілерге қол қою", - дейді ведомство.
Мысалы, Жетісу облысының спорт басқармасы нақты құны 4,5 млн теңге болатын бір ұлттық киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал осы облыстағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі нарықтық құны 250-300 мың теңге болатын конционерді 1,5 млн теңгеге сатып алмақ болған.
Сондай-ақ 14,8 млн теңге сомасына бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.
"Қостанай облысының аудандық білім бөлімі литрі 250 теңге болатын жазғы дизель отынын 580 теңгеден алуды жоспарлаған. Осы бағаға 43 мың литр дизель алмақ болған.
Бұл дизель отыны облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың қажеттіліктеріне арналған", - дейді ведомство.
Ал Астана қаласы әкімдігінің қалалық ауруханасының құны 600 мың теңгеден аспайтын 16 портативті медициналық шамның әрқайсысын 3,3 млн теңгеден сатып алмақ болған. Тексеру нәтижесінде 44 млн теңге қаражат үнемделді, деп атап өтті агенттік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық дендеп барады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через