Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді

Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді
фото: pexels.com

Ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында рейстерге өзгеріс енеді. Бұл тууралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елордалық әуежайдың әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді.

Оның ішінде түнгі рейстер саны 100-ге жуық. Бұл рейстер тәуліктің күндізгі уақытына ауысады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын рейс кестесіне өзгерістер еніп жатыр. 

«Жолаушылардан сапарын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтама қызметі, қосымшалар мен әуежай, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламасы сияқты бүкіл қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз» деп ескертеді әуежайдан.