фото: Atr.kz
5-қарашадан 6-қарашаға қараған түні еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындар аспандағы ерекше құбылысқа куә болды. Аймақ тұрғындарының әуесқой түсірілімінен аспанның қызыл түске боялғанын байқалған. Қызыл полярлық шұғыланы бірқатар елді-мекен тұрғындары да анық байқаған. Сондай-ақ бұл жағдайды еліміздің бірқатар облыс тұрғындары мен Ресей, Беларусь мемлекеттерінің халқы да байқап үлгерген. Десек те, аталған құбылысты астраном ғалымдар «қызыл полярлық шұғыла» деп түсіндірді. Ол күшті магниттік дауылдардың нәтижесінде ғана пайда болады екен. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс – планетамыздың магнит өрісі әлсіреп, жоғары энергиялы күн бөлшектерінің атмосфераға енуінің нәтижесі болып отыр, - дейді мамандар. Айта кетейік, тұрғындардың басым көпшілігі қызыл аспанды түрлі табиғи апаттың салдары болар деп топшылған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через