Несиесі бар сарбаз «несиелік демалыс» ала алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингісінде Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері басқармасының бастығы полковник Айдар Мүсірепов мәлім етті.
Айдар Мүсіреповтың айтуынша, жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру үшін Қорғаныс министрлігінде жаңа жоба қолға алынды.
«Жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Мысалы, несиесі бар мерзімді қызмет сарбаздары «несиелік демалыс» деп аталатын үзіліс алады, қызмет ету мерзімі барысында төлеу кейінге қалдырылады. Жаңа жоба Қорғаныс министрлігінде бастау алды. Бұл мерзімді әскери қызметінің беделін арттырады»,- деді Айдар Мүсірепов .
Сонымен қатар, спикер министрлік жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктерге бастама жасағанын еске салды.
Қызметін аяқтаған сарбаздар ақылы негізде ҰБТ-ны есептемегенде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесіне түсу құқығына ие болады.
Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген қосалқы (запасқа шығарылған) үлгілі жауынгерлерге ҰБТ-сыз, сонымен қатар ЖОО есебінен де оқу құқығы беріледі.
«Оқуға түсу кезінде әскери кафедра емтихансыз тегін білім ала алады. Іріктеу мерзімді әскери қызмет атқарған және қызмет барысында жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер қатарынан өткізіледі», - деп атап өтті спикер.
Жастарға жеңілдіктер алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін қоса отырып, ЖОО-ға құжаттардың тізімін ұсыну жеткілікті.
Бүгінде еліміз бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл бастаманы 70-ке жуық жоғары оқу орындары құптады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото ustinka.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через