Шынайы өмір

Бөлісу

Аш аюлар тасжолда көлік жүргізушілеріне "тап берді"

  Аш аюлар тасжолда көлік жүргізушілеріне "тап берді"

Аш аюлар тасжолда көлік жүргізушілеріне "тап берді"

Адамдар қала сыртындағы тасжолда жыртқыштарды қызықтап, суретке түсіргенді ұнатады. Алайда бұл өте қауіпті болуы мүмкін.

Желіде жарияланған видеодан орманнан шыққан екі аюдың өтіп бара жатқан көліктерге жармасқанын көруге болады.

Атап айтқанда, бұл видео Ресейдің Магадан қаласы маңындағы "Колыма" тасжолында түсірілген.

Куәгерлердің айтуынша, кейінгі кездері әлеуметтік желілерде мұндай видеолар көбейіп кеткен. Аш жануарлар адамдарға тамақ іздеп барады.

Жануарларды қорғаушылар мен аңшылар аюларды қорқытып, орманға айдауға тырысқанымен, қайтқысы келмеді. Тасжолдан олар тамақ іздейді және батыл әрекет етіп, өтіп бара жатқан көліктерге тап береді.

Ғалымдардың айтуынша, жергілікті ормандарда әлі қар жатыр, аюлар былтырғы жидектерді, тамырларды жей алмай жүр.


Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через