Армияда басшыға қарсы шыққандар 4 жылға сотталады

Армияда басшыға қарсы шыққандар 4 жылға сотталады

   Құжат 23 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.

 

   Әскери қызмет барысында басшыға қарсылық танытқан немесе денсаулығына зиян келтіргендер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында жазылған.

   «Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу - 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады. Ал осындай әрекеттер арқылы басшының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда кінәлі 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады», - делінген жаңа редакцияда.

   Сонымен қатар, жаңа өзгеріске сай, әскери қызметті атқару кезінде бастыққа зорлық-зомбылық көрсеткендерге де дәл осындай жаза қолданылады. Қазіргі заңнамада мұндай нормалар жоқ.

   Құжат 23 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.

   ҚазАқпарат