фото: https://sputnik.kz
Арақты қолдан жасаған жасырын цехтың видеосы жарияланды
Қазақстанның екі өңірінде алкоголь өнімдерін заңсыз жасайтын жасырын цехтар анықталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі жариялаған видеодан жасырын цехты көруге болады. Ішінде дайын арақ өнімдері, оны жасайтын бөшке, акциздер және тағы басқа заттар болған. Тергеушілер қолдан жасалған арақтың маркасын көрсетті. Ол "Буржуй" деп аталады.
Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Түркістан облысында және Шымкент қаласында үш жасырын цех ашып, заңсыз жасалған алкогольді облыстағы сауда орындарына сатқан.
"Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба тәркіленді", - дейді агенттік мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через