Арақ.Әйел.Қоғам

Арақ.Әйел.Қоғам

    Жақында Astana телеарнасы «қоғамда ішімдік ішетін әйелдер көбейіп бара жатқаны» туралы  сюжет жариялады. Видеода алкогольге тәуелді әйелдер көрсеткіші үш есе артқаны айтылады. Бұл статистика «Standard.kz» портал журналистерін де алаңдатқаны рас. Айталық, әлеуметтік желілерде көшіріп басылып жатқан мәліметке жүгініп айтар болсақ, қоғамда ішімдік ішетін әйелдер де көбейіп барады. Көрсеткіш бұрынғымен салыстырғанда  үш есе артқан. Бұл мәлімдеменің анық-қанығын білу үшін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлынан сұрап көрдік.

       

Сонымен, әлеуметтік желідегі тарап жатқан мәлімдеме ақпаратқа жанаспайды. 2022 жылдың алғашқы 3 айында алкоголь тұтынуына байланысты диспансерлік есепте тұрған әйелдер саны 15189 болса, 2023 жылы осы уақытта бұл көрсеткіш 15265-ке өскен. Бірақ бұдан еселеп өсу туралы сөз де жоқ.

Сапар Құттыбайұлының айтуынша 5 жылдағы тенденцияны қарасаңыз, көрсеткіш тоқтаусыз азайып жатқандығын алға тартады.Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес кейінгі 5 жылда алкоголь тұтынуға байланысты диспансерлік есепте тұрған 25-29 жас аралығындағы адам саны 2018 жылы 4893 адам болса,  2022 жылы олардың саны 2560-қа түскен (-47%), 50-54 жас аралығындағы адам санында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды: 2018 жылы – 12728, 2022 жылы –12552 адам.

Алкогольді тұтынудың тұрмыстық, мәдени, экономикалық, тұқымқуалаушылық, психикалық және физиологиялық секілді себептері бар. Негізгі әлеуметтік себептерінің бірі – отбасылық қуаныштарда, тойларда, мерекелерде, еске алуларда тұтыну, сонымен қатар, алькогольдің қолжетімділігі. Алькогольді өнім мемлекеттің экономикалық қаржы қорының айналымына елеулі әсер етеді дейді экономистер. Бұл пайдалы жағы. Ал қасіреті асып жатыр.

Келесі бір ойланарлық дүние – арақ-шарапты өндіруге,оны саудалауға толық тыйым салған ислам елдерінің қаржылық жағдайы арақ сататны бізден әлдеқайда артық. Соған қарағанда, арақсыз да жан бағуға болатын сияқты. Арақтан алыс жүрген адамның адамның – отбасы тыныш, ырысы халал, ұрпағы аман, ақылы толық, иманы берік болары хақ. Ондай адам тәуелсіздігін де қорғайды.

 Статистикалық мәлімет: Factcheck.kz