Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал теңізінің 1 миллион гектардан астам құрғаған табанына сексеуіл егу керек.
Қызылорда облысының орманшылары 2025 жылға дейін оны егіп боламыз деп отыр. Қазіргі таңда Арал, Қазалы, Қармақшы ауданының орман шаруашылығы мекемелері көктемгі тұқым себу жұмыстарын аяқтап қалды. Тұзы шығып, сорға айналған жерлерге сексеуілдің тұқымы мен көшеті 3 тәсілмен егіледі. 2021 жылы 100 мың, ал былтыр 250 мың гектар алқапқа мелиорациялық шаралар жүргізілді. Жалпы 1 гектар аумаққа 3 жарым келідей тұқым себіледі. Орман шаруашылығына қарасты тұқымбақта 3-санатты 232 тонна тұқым қоры дайындалған. Қазіргі таңда Аралдың құрғаған ұлтанының көлемі 4 жарым миллион гектардан асып кеткен. Оның жартысы Қазақстан аумағына кіреді.
Ғарифолла Смағұлов, Арал орман мекемесінің басшысы:
- Бұл жерде сексеуіл, сарсазан, барқын, түзгін де бар. Соның бәрі жыртылған жерге түседі де соның өсуіне ықпал жасайды. Негізі Арал теңізінің құрғаған ұлтанына жасалған жұмыстың бәрі нәтижелі.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/594697-aral-te-izini-ornyna-sekseuil-otyr-yzu-zhal-asyp-zhatyr
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через