фото: tourprom.ru
Қазақстандықтар шетелге көбірек саяхаттай бастады. «Көрмеген жердің ой-шұқыры көп» демекші, бөтен елде күтпеген жағдайға ұшырамай, алаңсыз демалып қайтқанға не жетсін. Сондықтан азаматарымыз өзге елдердің заңдарынан хабардар болғаны дұрыс. Біле білсеңіз, әлемнің кейбір елдерінде мүлдем фантастикалық тыйымдар мен шектеулер бар. Америкалық «Travel+Leisure» журналы ең оғаш заңдар рейтингін дайындады, деп жазады Standard.kz порталы.
Италия - Венеция заңдары көгершіндерді тамақтандыруға, қоғамдық орындарда көйлексіз жүруге, субұрқақтарға шығуға және жаяу жүргіншілер өткелінде сэндвич жеуге тыйым салады. Сондай-ақ, Римдегі субұрқақтарға сүңгуге болмайды. Венециядағы көгершіндерді тамақтандыру үшін айыппұл 600 долларға жетуі мүмкін, бірақ тез төленген жағдайда - 50-60 доллардан аспайды.
Германия - автокөліктің жанармайы таусылған жағдайда да жүргізушіге автобанда тоқтауға тыйым салынады. Сонымен қатар, сіз тас жол бойымен жүре алмайсыз. Бұл ережелерді бұзғаны үшін айыппұл 100 долларға дейін болуы мүмкін.
Біріккен Араб Әмірліктері - Қасиетті Рамазан мейрамында қоғамдық орындарда ішіп-жеуге тыйым салынады. Айыппұл $275 жетуі мүмкін.
Тайланд - Көйлексіз көлікке немесе мотоциклге отыруға тыйым салынады. Айыппұл бірнеше жүз бат (шамамен $10) болуы мүмкін.
Канада - құны 25 доллардан асатын затты бір долларлық монеталармен төлеуге тыйым салынады.
Франция, Англия – теміржол вокзалдарында сүюге тыйым салынған. Айыппұлдар жоқ.
Гренада - шомылу костюмімен қалада жүруге тыйым салынады. Айыппұл 270 долларға жетуі мүмкін.
Сингапур - Сағыз шайнауға, құстарды тамақтандыруға, түкіруге немесе қоғамдық дәретхананы жууға тыйым салынады. Әрбір бұзушылық үшін шамамен $100 айыппұл қарастырылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через