Қазақстан мектептерінде педагог-ассистент мамандығы енгізіліп жатыр. Бұл лауазымдағы маман айырықша қажеттілікті талап ететін оқушыларды оқытады. Бұл -- инклюзивті білім беруде сұранысқа ие болып отырған мамандық. Бұндай лауазым ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың мектепке тез бейімделуіне үлкен септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің пәрменімен республика бойынша жеті жүзге тарта педагог-ассистент жұмысқа орналасып, қызметін бастап кетті.
Еліміздегі көптеген мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арнап ыңғайлы жағдай жасалып жатыр
Педагог-ассистенттің міндеті -- педагогика мен психологияны ұштастыра отырып оқушыға арнайы жағдай қалыптастырады. Ерекше балаларды қалыпты оқушылармен еркін байланыс орнатуға бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделуіне көмектесу. Егер тілінің мүкісі бар бала болса дефектолог шақырту арқылы баланың тілі мен сөйлеу қабілетін ашуға. бойындағы комплесті жоюға ықпал жасайды .
Бұдан бөлек педагог –ассистент ерекше мұқтаждықтары бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Оқу бағдарламаларын егер қажет болған жағдайда ерекше жағдайдағы білім алушылардың ыңғайына қарай бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі. Әрине,ерекше мұқтаждықтары бар оқушының қауіпсіздігі мен оның ден-саулығын қорғау үшін барлық жағдайлардың сақталуын қадағалайды.
Білім және ғылым министрлігі педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Standard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через