фото: https://sputnik.kz
Ақжарқын Тұрлыбайды отанына қайтаруға нақты мүмкіндік бар
Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруға нақты мүмкіндік бар. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді.
"2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Ростов қаласының тұрғыны Мария Дапирка Хошимин қаласында қамауға алынды. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы қыздарды нигериялық есірткі тасымалдаушылардың құрбаны деп таныды, екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айтсақ, жақын арада Қазақстанға беріледі деп күтіп отырмыз", - деп жазды Нұрмағамбетов желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Мария Дапирканы еліне қайтаруға пандемия, коммуникацияның бұзылуы, әлемдегі Ресейге қатысты жағдай әсер етуі мүмкін.
"Қыздардың отанына оралуына нақты мүмкіндік бар", - деп түйіндеді ол.
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі
Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.
2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через