фото: "Дороги Казахстана" facebook.com
Елімізде ақылы жолдар қатары көбейеді және оның бағасы да өседі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.
«Транзиттік ел болған соң жолдарды қалпында ұстап, күту керек. Жолдардың сапасын жақсарту үшін қазіргі түсім жеткіліксіз. Сондықтан жол ақысын 20%-ға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, 10 жылдан астам жол ақысы, яғни тариф өзгерген жоқ. Біз жиі жолда жүретіндерге айлық абонемент ұсынамыз. Жол сұранысқа ие, демек баға жолаушылар үшін арзанға түседі деген сөз. Бұл қазір қолданыстағы 2300 шақырым ақылы жолға қатысты әңгіме», - деді Марат Қарабаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, жолды күтуде бюджетке салмақ түсірмеген абзал.
«Енді екінші санаттағы, яғни 4 жолақты емес 2 жолақты жолдарды ақылы етуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, жол тек жүк көліктері үшін ғана ақылы болады. Оларға да абонемент әзірлеп жатырмыз. Мақсат біреу - жолды жақсы сапада ұстау керек, ал ол көлемді қаржыны талап етеді», - дейді ол.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через