фото: aikyn.kz
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы көлік жолымен жүру ақысын 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін мәлімдеді.
Ал жол ақысына төлем жасаудың 20-дан астам әдісі нақтыланған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа, – деп жазды Aikyn.kz
8-ші күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері – 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК құрайды (2023 жылы 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең).
Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын уақытылы төлеуі қажет.
Сонымен бірге берешектері бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырамыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через