Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті

      Былтыр Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.

     Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан - Теміртау», «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

     Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті.

    Айта кетейік, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталмақ.

Egemen.kz