фото: inbusiness.kz
Ақтөбе қаласындағы газ құю бекетінде кезек көп. Кейбірінде тек талон сұрайды, деп хабарлайды Standard.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласындағы газ құю бекеттерінде жүргізушілер 30 минут, кейде сағат бойы кезек күтуге мәжбүр.
Сұйытылған отын тапшылығы мәселесі осы аптада анық сезілді.
Қала тұрғыны Артур Шориннің айтуынша, бүгін ол 30 минут бойы кезек күтті. Бұл жағдайдың басталғанына бір апта болған.
Ал Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, газ бар, бірақ жеткізу жұмыстары енді басталған.
«Биыл тамыз айында Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына 12 394 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. 1 тамыздан бастап осы күнге дейін өңір қажеттілігі үшін үш өндіруші зауыттан 463 тонна сұйытылған мұнай газы жеткізілген. Бұдан басқа, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытында қазіргі уақытта жалпы көлемі 1 116 тонна сұйытылған мұнай газы бар 31 вагон-цистерна жөнелтілуге дайын. Өнім облыстың автогаз құю станцияларына жеткізіледі. Өндіруші зауыттардың ақпаратына сәйкес, сұйылтылған мұнай газын жөнелту бекітілген кестелер бойынша жүргізіледі. Бұл мәселе – облыс басшылығының бақылауында«,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через