фото: https://sputnik.kz
Ақтөбе облысының тұрғынына найзағай түсті
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында адамға найзағай түсті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде болған.
"1981 жылы туған тұрғын Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомствода.
Алдын ала ақпарат бойынша, ол мал бағып жүрген.
Найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
биік ағаштар мен электр желілерінің жанында болмаңыз;
суға шомылуға тыйым салынады, өйткені суға разряд түсуі мүмкін;
қолыңызда ұзын металл заттарды, оның ішінде қолшатыр мен шыбық ұстамаңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через