фото: sputnik.kz
Ақтөбе облысы Қобда ауданында сел тұрғын үйлердің ішін жайлап кетті. Тығырыққа тірелген аудан жұрты журналистерден көмек сұрады. Қызыл су көптеген үйлер мен аулаларды толығымен жайлап кеткен. Тұрғындар тек құжаттарын ғана қолтықтап, жан сауғалаған. Талай дүние су астында қалған.
"Кеше кешкі сағат 19:00-ден кейін су келе бастады. Түнгі сағат 5:00 кезінде ауламен қосып, баспана да су астында қалды. Мен әрбір үйді қарадым. Судың деңгейі адамның белуарына дейін жетті. Үйлердің қабырғалары қақырап кетті", - дейді тұрғындар.
Бұл ауданда тұрғын үйлердің барлығы саманнан салынған. Кейбір тұрғынның төрт түлік малы судың астында қалған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп полиция да тұрғындарды эвауациялауға кіріскен.
Суды жіберу үшін Самара-Шымкент тас жолында канал қазу туралы шешім қабылданды. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.Су басқан үйлердің тұрғындары және мал-мүлкі эвакуацияланып жатыр.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через