фото: sputnik.kz
Ақтөбе іргесіндегі Садовое ауылы карантинге жабылды. Себебі мұндағы төрт түліктен шешек ауруы анықталды.
Сондықтан жиырма күн бойы елдімекеннен сыртқа мал шығарып, жем-шөп тасымалдауға тыйым салынды.
Бүгіннен бастап ауыл шетіне блок-бекет орнатылып, аумақ қоршауға алынады. Мамандар шешек өте қауіпті індет деп отыр. Малдан адамға да жұғады екен.
Садовое ауылында бір отардағы қос қойдан вирус табылған. Оны қаладағы да, облыс зертханасы да растап отыр. Мұндағы ірі мал мен ұсақ қой-ешкіні жайылымға шығаруға рұқсат бергенімен, ауыл аумағынан аспауға тиіс. Төрт түліктің еті мен сүтін пайдалануға да тыйым салынды. Енді Садовоеның барлық жануарына екпе салынады. Үш апта бойы карантин сақталады.
"Мал дәрігерлері зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, вакцина салады. Мал жайылымға шығарылады. Сол өңірден мал әкелуге, мал шығаруға болмайды. Бұл өте жедел өтетін жұқпалы ауру. Ірі қарада да, қойда да, ешкіде де болады", - деді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через