Ақтөбе облысында көпірлерді су шайып кетті

Ақтөбе облысында көпірлерді су шайып кетті

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының екі ауылына апарар көпірлерді су шайды.

Қазір тұрғындар айналма жолдармен жүруге мәжбүр. Биыл көктемде өңірдегі 2 көпір мен 7 жолға зақым келді. Дені облыстық маңызы бар бағыттар. Тасыған қар суы Байғанин, Алға,Темір, Қобда мен Ойыл аудандары тұрғындарын әбігерге салды. Ал су деңгейі түскен жолдарды қайта қалпына келтіру қолға алынған. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Облыстық әкімдік өкілдері қисайған көпір мен қираған жолдардың жай-күйін зерделеуге арнайы комиссияның кіріскенін айтты.

Айбек Қайыр, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Ең негізі біздерде үлкен ауқымды келген су ол өздеріңіздер де білесіз, Ойыл ауданы мен Қобда ауданы болатын. Енді Ойыл ауданы бойынша Қортықты және Саралжын деген көпірлер бар. Соның жанын шайып кеткен болатын. Қобда ауданы бойынша Қобда-Жиренқопа бағыты, 346 шақырымда су өту факті орын алды. Облыс бойынша әрбір ауылдарға қазір жаңағы қозғалыс бар.

Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/593179-a-t-be-oblysynda-k-pirlerdi-su-shajyp-ketti