фото: https://sputnik.kz
Ақтауда жаңбырдан кейін көшелерді су басты
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Қатты желден ағаш көліктің үстіне құлаған.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қала көшелерінен 19 398 текше метр су сорып алды. Ал 13-ші шағын ауданда қатты желдің салдарынан ағаш көліктің үстіне құлаған.
Ақтауда 28 шілдеге қараған түні толассыз жаңбыр жауды. Осыған байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшыларын күшейтілген режимге көшіруге тура келді. 15 маман түні бойы суды сорып, сыртқа шығарып отырған. Оларға бес мотопомпа, бойлер көлігі және "ГАЗель" берілген.
Қазіргі кезде суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Оған "Қала жолдары" ЖШС мен төтенше жағдайлар департаментінен 55 адам тартылды. 14 мотопомпа, үш бойлер мен үш "ГАЗель" жұмыс істеп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через