Ақтауда тұрғын үйлердің жертөлесінде қарақұрт қаптап кеткен

Ақтауда тұрғын үйлердің жертөлесінде қарақұрт қаптап кеткен
фото: Фото: lada.kz

Ақтаудағы тұрғын үйлердің жертөлесінде улы өрмекшілер қаптаған.

Шаһардағы 13-шағынаудандағы тұрғын үйдің жертөлесінде қарақұрттар пайда болған.

"Қарақұрт әлемде улы өрмекшінің бірі екені белгілі. Олардың тұрғын үйде жүруі адам өмірі зиян болуы мүмкін. Қазір қарақұрттар жертөледе қалай пайда болғаны және олардың саны қанша екені белгісіз. Мамандар араласып, тексерсе екен дейміз", - дейді тұрғындар.

Сондай-ақ, тұрғындар күн жылыса өрмекшілер үйге кіріп кете ме деп қауіптеніп отыр.

ҚазАқпарат