Ақтауда Каспий теңізі тағы да ластанды

Ақтауда Каспий теңізі тағы да ластанды

       Жұртты шошытқан бейнежазбадан кейін экологтар оқиға орнына барған. Мамандардың айтуынша, лай су «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-не тиісілі ТЭЦ-1 каналынан шығып жатыр. Мұнда теңіз суы жиналып, аталған кәсіпорынға және «Каспий» су тұщыту зауытына жіберіледі.

       Қазір каналда тазалау және тереңдету жұмыстары басталған. Өйткені теңіздің тартылуынан каналдағы су азайып кеткен. Негізі ондағы судың көлемі 4 метрден жоғары болу керек, ал қазір небәрі 50 сантиметрге жетеді.

       Облыста ауызсу қорын молайту үшін каналды 6-7 метрге дейін тереңдету жоспарланып отыр. Ал каналдың тазаланбағанына жарты ғасырдан асқан. Сондықтан түбіне жиналған лай су жаныдағы арыққа құйылып жатыр. Одан әрі ол теңізге қосылады.

       Гүлім Лұқпанова, облыстық Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы:

       «МАЭК» ЖШС мамандарының түсініктемесіне сәйкес, дәл сол теңіз суы тазаланып, топырағы мен лайы келесі арыққа құйылып жатыр. Енді соның сәйкестігін анықтау мақсатында сынама алдық. Сынаманың қорытындысын береміз.