фото: golos-naroda.kz
6 қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді етті, деп хабарлайды Standard.kz.
“20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.
Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і мамандардың күшімен шығарылған.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.
Өрт сағат 23:31-де сөндірілген.
Тұтанудың себебі анықталған.
Айта кетейік, қазір Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через