фото: sputnik.kz
Жаңалықты Түрксой халықаралық ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омаров бөлісті.
Шушада (Әзірбайжан) Түрксой Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 40-шы отырысында Ақтау 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болатыны туралы маңызды шешім қабылданды.
"Бұл үлкен жетістік. Жыл бойы түркі елдері Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Осының арқасында өңірдің туристік әлеуеті артады", - деп бөлісті Бақытжан Омаров.
Бұған дейін біздің еліміздегі Түркі әлемінің мәдени астаналары Астана мен Түркістан болған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через