Ақтау қаласының маңынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер табылды

Ақтау қаласының маңынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер табылды
фото: https://turkystan.kz

Ақтау қаласының маңынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер табылды

Белгісіз біреулер Ақтау қаласының маңына сұйықтық құйылған бөтелкелер үйіндісін қалдырған. Не екені белгісіз сұйықтықты тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Ақтау маңындағы бөтелкелердегі заттар туралы ақпаратты облыстық Экология департаменті мәлімдеді.

Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау және зертханалық-талдау бөлімінің мамандары, Баянды ауылдық округінің полиция қызметкерлері мен Мұнайлы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары сұйықтықтың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар екенін анықтады.

«Бөтелкелерді қашан және кімнің лақтырғаны әлі белгісіз. Мамандарымыз Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды алдағы уақытта жинап, полигонға апаруды ұсынды. Мұнайлы аудандық полиция қызметкерлерінен кінәлілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту сұралды» деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Мәтіндегі ақпарат туралы