фото: sputnik.kz
Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақ ішінде болған балаларды құтқарды.
Ақсу қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Фаизов балалардың айқайын естіп, субұрқақтың жанына барған.
"Жүгіріп келе жатып субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыздың тұрғанын көріп, уақытты жоғалтпай, субұрқаққа секірдім. Екі қызды шығарып алдым. Кейін жедел жәрдем шақырып, балаларды мамандарға тапсырып, қызметке кірістім", - деді Қажымұрат Фаизов.
3, 6 және 8 жасар балалар үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды. Біреуін тоқ соқты. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерге тапсырылды.
ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через