Ақсай шатқалында туристер адасып кетті

Ақсай шатқалында туристер адасып кетті
фото: sputnik.kz

Ақсай шатқалында отбасы адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ құтқарушылары Ақсай шатқалынан адасқан туристерді алып шықты.

"3 тамызда сағат 21.30-да, Ақсай шатқалында тауда өзен мен Ақжар құламасы арасында үш адамнан тұратын отбасы адасып кеткен. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру орнына барды", - дейді ведомство.

Әйелі мен күйеуі және 14 жастағы жасөспірім баласы биік таудан түнде түсе алмай қалған. Сағат 22.40-та ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерге жетіп, төмен түсіру жұмыстарын бастаған.

Түн ортасында іздеу-құтқару операциясы аяқталды, зардап шеккендерді көлікке жеткізді. Құтқарушылар күндізгі уақытта ғана тауға саяхаттауға кеңес береді.

Қазақпарат