Ақша алмаған шенеунікті марапаттаған дұрыс па?

Ақша алмаған шенеунікті марапаттаған дұрыс па?

Он тоғыз миллион ғана халқы бар Қазақ­станда 100 мыңға жуық шенеунік қызмет етеді екен. Демек, бізде әрбір 180-дей адамға бір шенеу­ніктен келеді деген сөз. Алайда жұмыс сапасы, шенеуніктердің біліктілігінің сын көтер­мейтіні туралы талай жерде айтылып жүр. Шенеуніктер корпусын ұстау үшін ел бюджетінен жыл сайын 600 миллиардтан астам қаражат бөлінетін көрнеді.

Сол шенеуніктер адал, білімді, халыққа жақын болса қанеки. Өкінішке қарай, шынайы өмірде басқаша болып тұр.

Кезінде қазақ болыс болып, шен алу үшін пара беруші еді... Енді өмір сүру үшін пара ұсынатын індетке шалдықты. Дұрысы мемлекеттік органдардан өзіне қажетті ақпаратты алу, өзіне тиісті қызметті пайдалану үшін қаржы шығындауына тура келеді. 

Бізде мемлекеттік қызметкерлердің қолы мен ары қайткен күнде таза болмақ? Мүмкін, пара алмаған шенеуніктерді марапаттау керек шығар? Көпшіліктің бұл сұраққа көзқарасын білу үшін микрофонымызды қолға алып, көшеге шыққан едік.

Фото pkzsk.info