фото: culture.ru
Қазақстаннң республика күніне орай бірінші Орталық Азия кинофестивалі (Central Asian Film Festival) аясында АҚШ-та Қазақстан киносының апталығы өтіп жатыр.
Америкалық көрерменге «Оққағар» және «Маша мен Дударай» атты үздік қазақстандық фильмдер ұсынылады.
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Вашингтондағы маңызды мәдени шараға қатысу ол үшін үлкен қуаныш және құрмет екенін атап өтті.
Ұйымдастырушылар мен актерлерге АҚШ-тағы қазақ киносының тұсаукесері үшін алғысын білдіріп, жақын арада қазақстандық кино жұлдыздарын Голливудта көру тілегін білдірді.
Фото: Рустем Қожыбаев/Kazinform
Шақырылған маңызды қонақтардың бірі Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры Доминик Фавре болды, ол сұхбатында қазақ фильмдерінің тұсаукесеріне қатысқанына қуанышты екенін айтты.
— Мен қазақстандық кино өнері жұлдыздарының ынта-жігеріне, оның мәдени әртүрлілігіне таңданғаным сонша, оның киноиндустриясы өте табысты болатынына сенімдімін, сондықтан фильмдерін осы жерден көру мүмкіндігін асыға күтемін, - деді Д.Фавре.
Шараны ұйымдастырушылар Орталық Азия кинофестивалі мен Қазақ киносының апталығы туралы толығырақ айтып берді.
Қазақстан Республикасы күніне орай мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр. 26 қазанда «Қазақтар келімсектерге қарсы» фильмінің онлайн көрсетілімі басталды, 27 қазанда «Оққағар» фильмінің премьерасы өтті, «Маша мен Дударай» фильмдері де америкалық көрермендерге ұсынылады.
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform
Соңғы үш жылда 30-дан астам фильм түсірілді, олардың көпшілігі халықаралық кинофестивальдерде жүлде алып, Қазақстанды шетелде мақтанышпен таныстырады. Келер жылы 20-дан астам фильм түсіру және «Еңлік-Кебек» және «Қыз Жібек» тарихи фильмдерін дайындау бойынша екі ірі жоба жоспарлануда.
Ұйымдастырушылардың ойынша, алдағы уақытта фестиваль Америкада да, Қазақстан мен Орталық Азияда да бірқатар маңызды жобаларды іске қосады.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через