– АҚШ-та осы жылдың көктемінде табиғи газ бағасы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 2008 жылғы кризистен кейін алғаш рет жоғары деңгейге жетті.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, мың текше метр газ бағасы 270,58 доллар тұрады. Ал сарапшылар штатта көгілдір отын құнының өсуі Ресейге қатысты санкциялық саясатпен байланысты деген пікірде. Еуропа нарығында Ресей газына салынған тыйымға байланысты АҚШ-та өндірілетін көгілдір отынның экспорт көлемі бірден артқан.
Сонымен қатар, Американың жерасты газ қоймасындағы резервтік қоры нормадан төмен, ал өндіріс бұрынғы деңгейде. Осы себепті отын бағасы Еуропада айтарлықтай өскен. Алайда, АҚШ-тан ЕО-ға сұйытылған табиғи газды экспорттық жеткізу ресейлік жеткізілімдерді алмастыра алмайды. Осыған байланысты Штатта да газ бағасы қымбаттаған. Сонымен қатар, көгілдір отын құнына Солтүстік Америкада сәуір айының күрт салқын болуы ықпал еткен, деп есептейді эксперттер.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через