АҚШ-та автомобиль көпірі опырылды

АҚШ-та автомобиль көпірі опырылды
фото: STREAMTIMELINE

Американың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі өзенге құлады.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, бұған дейін көпірге жүк кемесі соқтығысқан.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше көлік көпірден құлап, жеті адам суға батқан.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаларға қарағанда, үлкен кеме жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында көпірге соғылып, өртеніп, кейін суға батып кеткен.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

ҚазАқпарат