Ақмола тұрғыны жалған полицейге 1 млн теңге берген

Ақмола тұрғыны жалған полицейге 1 млн теңге берген

Ақмола тұрғыны жалған полицейге млн теңге берген.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына қаланың 23 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт 28 қазанда облыс орталығының қонақ үй кешендерінің бірінен шығар кезде оған ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, ақша талап еткенін айтты.

Өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, оны қаскүнем жеңіл жүрісті әйелдеріне барғаны үшін қылмыстық жауаптылықпен қорқытып, млн теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының уақытша жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны тінту кезінде күдіктіден полиция қызметкері куәлігінің мұқабасы мен ақша табылып, тәркіленді.

Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото:www.yakzrobyty.com