Ақмола облысында ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа құлап кетті

Ақмола облысында ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа құлап кетті
фото: https://sputnik.kz

Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам құдыққа түсіп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

20 қаңтарда 37 жастағы азамат абайсызда тереңдігі 5 метрлік құдыққа құлап кеткен. Құтқарушыларға бұл туралы хабарлама сағат 15:08-да түскен.

Шақырту орнына келген құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, шұңқырдан алып шыққан.

Қазақпарат