Apple компаниясы жаңа iPhone-ды таныстырды

Apple компаниясы жаңа iPhone-ды таныстырды
фото: https://sputnik.kz

Apple компаниясы жаңа iPhone-ды таныстырды

Америкалық Apple компаниясы қыркүйек айында өткен дәстүрлі тұсаукесерде iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондарын таныстырды.

Бірінші кезекте Apple Watch Series 8, Apple Watch Ultra смарт-сағаттары көрсетілді.

Өндірушілердің айтуынша, сағатқа Сrash Detection функциясы орнатылған. Ол апат болған жағдайда жедел қызметтерге өзі хабарласады, сондай-ақ халықаралық роуминг бар.

Apple Watch Ultra титан корпусты, батареясының көлемі кеңірек.

Сондай-ақ, жаңа AirPods Pro аккумуляторының сыйымдылығы артқан. Бір зарядтаған соң 30 сағат күту режиміне және 6 сағатқа дейін үздіксіз музыка тыңдауға жетеді, дейді компания.

iPhone 14 және iPhone 14 Plus экрандары 6,1 және 6,7 дюймді. Екі смартфонда iPhone 13 Pro-дағы сияқты A15 Bionic процессоры бар. Олар бес түсте ұсынылған.

Алғаш рет жаңа смартфон SIM картаға арналған слотсыз тек eSIM нұсқасында қолжетімді болуы мүмкін. Сондай-ақ, iPhone алғаш рет спутниктік байланысқа ие болды. Бірақ оны тек жедел қоңыраулар мен мәтіндік хабарламалар үшін пайдалануға болады. Бұл мүмкіндік қараша айынан бастап АҚШ пен Канадада қолжетімді болады.

Apple компаниясының жаңа өнімдері 16 қыркүйекте сатылымға шығады. iPhone 14 базалық үлгісі 799 доллардан, iPhone 14 Plus 899 доллардан, iPhone 14 Pro мен iPhone 14 Pro Max 999 және 1099 доллардан басталады.

Мәтіндегі ақпарат туралы