Анкарада жарылыс болды

Анкарада жарылыс болды
фото: © Photo : Анадолы

Түркия ішкі істер министрлігінің Анкарадағы бас қауіпсіздік басқармасының қақпасының алдында екі лаңкес жарылыс жасады. Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болды. Полицияның екі қызметкері жеңіл жарақат алды.

"Жеңіл коммерциялық көлік мінген екі лаңкес ішкі істер министрлігінің бас қауіпсіздік басқармасына кіретін қақпаға келіп, жарылыс ұйымдастырған. Біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Екінші лаңкестің көзі жойылды. Атыс кезінде екі қызметкеріміз жеңіл жарақат алды", - деп жазды Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр түрік қауіпсіздік күштері лаңкестікке қарсы күресті жалғастыра беретінін ерекше атап өтті.

ҚазАқпарат