Америкалық компания Альцгеймер ауруына қарсы дәрі ойлап тапты

Америкалық компания Альцгеймер ауруына қарсы дәрі ойлап тапты

       Америкалық «Элай Лилли» компаниясы Альцгеймер ауруының дамуын баяулататын дәрі ойлап тапты.

       «Дона-не-маб» деп аталатын препарат науқаста дерттің өсуін 35%-ке төмендетеді. Мұны осы дәрінің соңғы үшінші сынағы көрсетіп отыр. 1,5 жылға созылған зерттеуге 1 мың 700 адам қатысқан. Оның барысында дәріні қабылдаған 47% адамда дерттің қабынуы тоқтаған. Бірақ кей науқастарда мидың ісінуі сияқты кері жанама әсерлер де тіркелген. Дегенмен Бірлестік АҚШ-тың дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасына препаратты қолдануға рұқсат беруге өтініш жолдамақ.

       Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/598850-amerikaly-kompaniya-altsgejmer-auruyna-arsy-d-ri-ojlap-tapty