Күні кешегі 2022 жылдың 10 қаңтары Аза тұту күні болып жарияланды.Кейде тіпті соңғы 5 жылда аза тұту күндеріміз тым көп болып кеткен ау деп ойлаймыз. Оған жеткізген не? Қандай факторлар еді деп ойлануға да тура келетін сияқты. Әдетте аза тұту десе мерт болған жауынгерлердің, азаматтардың ерлігін, жақсы істерін, соларға баға беретін сәт сияқты болып көрінетіні бар. Бірақ қоғамға баға беретін, кейде өзіміздің әрекетімізге баға беретін, ойландыратын күн болса керек-ті бұл. Қалай ғана тыныш ел осындайға жол беріп алдық дегенді де ойланатын шақ бұл! Сондықтан Аза тұту – қайғыру, солардың рухына тағзым ету ғана емес, олардың өміріне және осы күндерден сабақ алуға арналған уақыт деп білем өз басым. Кез-келген оқиғадан сабақ керек-ті. Өкінішке қарай сабақ алатын күндеріміз аз болып жатыр.
Сондықтан бірінші кезекте осы Аза тұту күнінде барша Қазақстандықтарға және жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр тілеймін, мерт болған азаматтарымызға имандары жолдас болсын деген тілек арнай отырып, Отандастарымыздың жалпы елдің тыныштығына, мемлекеттілікке, Тәуелсіздікке қатысты ойларын қайтадан көңіл сүзгісінен өткізгені дұрыс па деген пікір білдіремін.
Өйткені бұл ел – біздікі! Бұд елдің тыныштығы – біздікі! Бұл елдің дамуы да біздің мойнымызда. Тіпті бұл мемлекетті біз алдағы ұрпағымыздан қарызға алғанбыз. Оларға аманатын дұрыс қалдырып кетуіміз керек. Сондықтан осынау аманатқа қиянат жасамағанымыз дұрыс деген пікірдемін.
Саяси сарапшы, журналист Амангелді Құрметұлының ФБ-парақшасынан
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через