Аляскада ақ аю әйел мен 1 жасар балаға шабуыл жасады

Аляскада ақ аю әйел мен 1 жасар балаға  шабуыл  жасады
фото: https://sputnik.kz

АҚШ-тың Аляска штатындағы елді мекендердің бірінде ақ аю әйел мен оның бір жасар ұлына шабуыл жасады, деп хабарлады жергілікті полиция.

Мемлекеттік қоғамдық қауіпсіздік департаментінің баспасөз хабарламасында жыртқыш Уэльс тұрғындарының соңынан қуғаны жазылған. Тұрғын аюды атып өлтіруге мәжбүр болған.

"Ақ аю елді мекенге кіріп, тұрғындарды қуды. Әйел мен баласы қайтыс болды. Шабуыл кезінде оны жергілікті тұрғын атып өлтірді", - делінген хабарламада.

Көз жұмған әйел 24 жаста болған. Ақ аю адамдарға мектеп жанында шабуылдаған.

Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығынан және жергілікті аэродромның ұшу-қону жолағында жарық болмауына байланысты Уэльске әлі жете алмай отыр.

Қазақпарат