фото: informburo.kz
Бүгінде базар аумағында 13 күзет бекеті жұмыс істейді, оған қоса 80-ге жуық камера орнатылған. Жақын арада олардың саны 300-ге жетеді. Бұл туралы «Алтын орда» базарының әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жылдың 5 шілдесінде «Big City Market» ЖШС «Алтын Орда» базарын басқарушы компания ретінде өз жұмысын бастады.
Аталған компания директоры Данияр Дұзбаевтың сөзінше, қазір «Алтын орда» базары әдеттегідей тәртіппен жұмыс істеп тұр.
Базар бақылаушылары мен басқа да жұмыскерлерді жұмыстан себепсіз босату болмайды.
«Бүгінде бұрыннан істеп жүрген қызметкерлердің 80 пайызы жаңа компаниямен еңбек келісімшартына отырды. Сондай-ақ базарды күзету қызметі қолға алынды. Қазір базар аумағында 13 күзет бекеті жұмыс істейді, оған қоса 80-ге жуық камера орнатылды. Жақын арада олардың санын 300-ге жеткізу жоспарда бар»,- дедіДанияр Дұзбаев.
Базар әкімшілігінің мәліметінше, кәсіпкерлерге бар жағдай жасалады.
Сауда орнын жалға беру бағасы өспейді, бақылаушылар тарапынан заңсыз үстемеақы талап ету сияқты әрекеттер жойылды.
Сонымен қатар, №2 павильонға кондиционер орнату, интернетті жақсарту шілде айының соңына дейін толық шешіледі.
«Алтын орда» базарын модернизациялау аясында көліктердің кіріп-шығуына арналған автоматты түрде ашылатын шлагбаум орнатылып, көлік тұрағы реттелмек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через