Алматы облысында «Алтын орда» базары мен Шамалған стансасының маңайында айналма көпірлер салынып жатыр. Ол көпірлер қаладағы көлік жүктемесі мен кептелісті азайта түседі.
«Ұзынағаш-Отар» бағыты бойынша 63 101 шақырым автожол бар. Автожолды қайта жөндеу жұмыстарын бас мердігер «Қазавтоқұрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Жөнделіп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 37,7 шақырым. Бүгінгі таңда барлық жұмыстың 80 пайызы орындалды. Жол жабындысы бойынша бір бағыттағы қозғалысты жақын арада ашу жоспарланып отыр. Жалпы жоба жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін оны пайдалануға беру көзделіп отыр.
Шамалған станциясы маңайында айналма жол салу шешімі қабылданды.
Құрылыс нысанының ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Бұл құрылыстың негізгі нысаны теміржол арқылы өтетін ұзындығы 350 метрді құрайтын үлкен көпір болып есептеледі. Бүгінгі таңда бетон салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
54 мың текше метр бетонның 46 мың текше метрі аяқталды. Бұл нысанның ерекшелігі - «келлер» технологиясының пайдалануы. Құрылыста кейбір қиындықтар бар.
Осыған дейін шамалғандықтар теміржолдағы қозғалысқа қатысты көлік жүретін жолда кептеліс көп болатынын айтқан.
Жобалық-сметалық құжатнама бойынша жобаның құны - 11 млрд 500 млн теңге. Бүгінгі күнге дейін 7 млрд теңге игерілді. Қалған 4 млрд теңге жоба соңына дейін жұмсалады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через