Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.
"Көпбалалы ана бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен түседі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі", – деді вице-министр.
Ведомство ақпаратынша, осы өзгерістердің арқасында биыл проактивті қызмет алған көпбалалы аналар саны екі есе – 9 мың адамға дейін өсті.
Айта кетері, "Алтын алқа" жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал "Күміс алқамен" алты баласы бар аналар марапатталады.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең болады
inform buro
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через