фото: HewTimes.kz
Алматыдағы екінші Жылу электр орталығы 2026 жылдың соңында газға ауыстырылады.
Қазір күрделі жұмыстың құжаттамасы әзірленуде, мердігер компания да анықталды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаттары мен қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің кездесуінде айтылды. Депутаттар Сергей Пономарев, Айдос Сарым, Ерлан Стамбеков қоғамдық кеңес мүшелерінің мегаполистегі түйткілді мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдады. Белсенділер Алматының экологиялық мәселесін шешу үшін көлік нөпірін реттеуді ұсынды. Сондай-ақ ауыр мүгедектігі бар азаматтардың жыл сайын дәрігерлік комиссиядан өтуін қысқартуды сұрады. Кездесуде инклюзияға мән беру, яғни мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға араласуына жағдай жасау қажеттігі де айтылды. Әсіресе жәрдемақының көлемі қайта қарастырылуы керек, дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Айтылған мәселелер күзде Парламент мінберінде көтерілетін болады.
Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Екінші Жылу электр орталығы көмірден газға көшкеннен кейін зиянды қалдықтар жылына 48 мың тоннадан 15 есеге азаяды. Бұл экологияның жақсаруына зор мүмкіндік. Зиянды қалдықтар тұрғындар денсаулығына әсер етуде. Сондықтан газға көшіру өте маңызды. Бұл жобаға екінші жылы электр орталығы аумағынан 27 га жер бөлініп, жұмыс жақын арада қызу қарқынмен басталады.
Алматы дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через